Home Ақша 2025 жылға дейін Қазақстанда онлайн форматта қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтер

2025 жылға дейін Қазақстанда онлайн форматта қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтер

19

Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің онлайн жүйеге толықтай көшуі басталды. Жол картасына сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін жылжымайтын мүлік, көлік құралдары және жеке құжаттарды тіркеу сияқты маңызды қызметтер толықтай сандық форматқа ауысады. Бұл өзгерістер Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы (ХҚКО) жүктемені азайтуға және азаматтардың қызметтерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды digitalbusiness.kz.

Бірінші кезең: құжаттар мен ЭЦҚ- ны ХҚКО-ға бармай-ақ алу

Сәуір айының соңына дейін жеке куәлік ауыстыру рәсімі тек онлайн форматта жүзеге асырылады. Қазақстандықтар ХҚКО-ға бармай-ақ, кезекке тұрмай және суретке түспей-ақ, барлық құжаттарын сандық платформалар арқылы рәсімдей алады. Жеке басын растау, фотосурет пен қолтаңбаны жүктеу секілді процестің барлық кезеңдері онлайн түрде жүргізіледі. Құжаттарды рәсімдеу жасанды интеллект жүйесі арқылы тексеріледі, яғни фотосурет талаптарға сай болуы автоматты түрде бақылауға алынады.

Сонымен қатар, екінші тоқсанда онлайн форматқа өтетін қызметтер қатарына:

  • электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру;
  • тіркелу бойынша тұрғылықты жері туралы хабарлама жіберу;
  • еңбек мигранттарына рұқсат беру;
  • паспорттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу кіреді.

Құжаттардың бағалары

2025 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3932 теңгеге дейін артты, бұл құжаттарды рәсімдеуге арналған мемлекеттік баж салығының өзгеруіне әкелді:

  • 36 беттен тұратын паспорт – 8 АЕК (31 456 теңге), 48 бет – 47 184 теңге;
  • Балалар паспорты – 4 АЕК (15 728 теңге);
  • Жеке куәлік – 0,2 АЕК (787 теңге).

Екінші және үшінші кезеңдер: көлік құралдары мен жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтер тек онлайн форматта көрсетіледі.

2025 жылдың үшінші тоқсанынан бастап, тек онлайн форматта көрсетілетін қызметтер қатарына:

  • автокөлік тіркеу;
  • жүргізуші куәлігін беру;
  • шетелдіктерге ЖСН рәсімдеу кіреді.

Төртінші тоқсанда:

  • жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу;
  • объектінің техникалық паспортын алу;
  • жер учаскелеріне арналған сәйкестендіру құжаттарын рәсімдеу жүзеге асырылады.

Министрлік өкілдері бұл шаралар ХҚКО-ға түсетін жүктемені 2025 жылдың соңына дейін кем дегенде 50%-ға азайтуға мүмкіндік береді деп отыр.

Сергей Никитин, Digital Business