Home Ойын-сауық Blizzard тосынсыйы: Ойын мен анимені байланыстыратын жаңа кезең

Blizzard тосынсыйы: Ойын мен анимені байланыстыратын жаңа кезең

9

Diablo IV ойынына биыл қандай жаңалықтар қосылатынын Blizzard студиясы бірнеше апта бұрын жария еткен еді. Жылдық жоспарда сегізінші маусым — «Белиялдың оралуы» аясында танымал франшизамен бірлескен жоба болатыны айтылған. Енді бұл жоба жапонның әйгілі «Берсерк» анимациялық туындысымен байланысты екені белгілі болды.

Екі дүние де — қиял-ғажайыпқа негізделген. Сондықтан олардың бірігуі жанкүйерлерге ерекше әсер қалдырмақ.Ойынның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланған бейнероликте Варвар кейпіндегі кейіпкер көрсетіледі. Оның денесінде — құрбандық таңбасы, үстінде — Берсерктегі Гатс есімді кейіпкердің сауыт-сайманы, ал қолында — алып қылыш. Ол видеода жаулармен шайқасып, ойынға өзгеше леп береді.

Blizzard бұл маусымда ойыншыларға тек жаңа тапсырмалар емес, өзгеше атмосфера мен сезім сыйлауды көздеп отыр.