Home Аналитика Медициналық қызмет ақысын төлеудің бірыңғай жүйесі қашан іске қосылады?

Медициналық қызмет ақысын төлеудің бірыңғай жүйесі қашан іске қосылады?

15

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде медициналық қызметтерді төлеудің Бірыңғай жүйесі (БЖМҚ) кезең-кезеңімен енгізілуде.

Бұл цифрлық жүйе медициналық қызметтің сапасын бақылауға, қаржыландырудың әділ әрі ашық болуына арналған. Енді әрбір көрсетілген қызмет нақты тіркеліп, тек шынайы көмек үшін ғана ақы төленеді…

Жаңа жүйе биыл наурызда Ақмола облысында сынақтан өтті. Ал 1 шілдеден бастап еліміздің барлық өңірлеріндегі медициналық мекемелерге енгізіледі.

Жаңа жүйе келесідей артықшылықтарымен ерекшеленеді:

– Медициналық көмектің негізділігін бақылау және әрбір пациенттің дерегін ескере отырып қызмет көрсету процесін ашық жүргізу;
– Қаражатты жөнсіз жұмсау мен негізсіз төлемдердің алдын алу;
– Жалған есеп пен негізсіз төлемге жол берілмейді;
– Емдеу үшін тек нақты көрсетілген қызметке ғана төлем жасау жүйесін енгізу.

Мұндай бақылау тетіктері медициналық қызмет сапасын арттырып қана қоймай, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына да жол ашады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.

Ақмола облысында жүргізілген сынақ барысында жүйе 11 мыңнан астам медициналық көмектің стандартқа сәйкес келмейтінін, сондай-ақ жалған есеп беру секілді олқылықтарды анықтады.

Жаңа жүйе арқылы қаржыландыру әдісі әділеттірек болады. Ең бастысы – пациентке көрсетілетін медициналық қызмет сапасы жақсарып, емдеу уақтылы әрі тиімді жүзеге асады.