Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі енді 10 негізгі мемлекеттік қызмет тек онлайн көрсетілетінін мәлімдеді. Бұл қызметтер енді тек egov.kz порталы арқылы ғана қолжетімді болады, деп хабарлайды digitalbusiness.kz.
2025 жылдың екінші тоқсанында онлайн түрде көрсетілетін қызметтер:
- Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру;
- Азаматтарды тұрақты мекенжайы бойынша тіркеу;
- Еңбек мигранттарына рұқсат беру.
Үшінші тоқсанда:
- Көлік құралын тіркеу;
- Жүргізуші куәлігін беру;
- Шетел азаматтарына ЖСН рәсімдеу.
Төртінші тоқсанда:
- Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу;
- Жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт беру және оны «Е-ПИК» жүйесіне енгізу;
- Жер теліміне арналған сәйкестендіру құжатын рәсімдеу;
- Жеке куәлік пен паспорт беру.