Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қытай ғалымдары Жер орбитасынан адам жүзін ажырата алатын камера ойлап тапты

Қытай ғалымдары Жер орбитасынан адам жүзін ажырата алатын камера ойлап тапты

13

Қытай ғылым академиясының зерттеушілері қашықтықтан бақылау технологиясында жаңа серпіліс жасады. Олар өте жоғары дәлдіктегі лидарлық сканерлеу жүйесін жасап, 100 шақырымнан астам қашықтықта адам жүзін анық көре алатын құрылғыны сынақтан өткізді.

Қытайлық мамандар бірнеше озық технологияны біріктіріп, жаңа буын лазерлік жүйесін құрастырды. Лазер сәулесін микролинзалар матрицасына тарату арқылы олар апертура көлемін ұлғайтып, көру өрісін кеңейтті. Сонымен қатар, алгоритмдерді жетілдіру нәтижесінде шудың деңгейін 10 мың есеге дейін төмендете алды.

Зерттеушілер құрылғыны Цинхай көлінде сынап, 102 шақырым қашықтықтағы объектінің бөлшектерін 15,6 миллиметрлік дәлдікпен көре алды. Бұл – әлемдік деңгейде рекордтық көрсеткіш.

Бұл технология Қытайдың жерүсті бақылау жүйелерін жаңа деңгейге көтеруі мүмкін. Ғалымдар оны шпиондық спутниктерді анықтау және олардың сериялық нөмірлерін оқу үшін қолдануға болады деп болжайды. Технология дамып, жетілдірілген сайын оның қауіпсіздік, ғарыштық зерттеулер және қашықтан бақылау салаларында кеңінен қолданылуы әбден мүмкін.