NASA мен Nokia Ай бетінде алғашқы 4G LTE байланыс жүйесін іске қосты. Lunar Surface деп аталатын бұл жоба ай көлігі мен қону модульдері арасындағы байланысты жақсартып, үлкен көлемдегі деректерді, соның ішінде 4K сапасындағы бейнежазбаларды жоғары жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді.
Жаңа жүйенің басты артықшылығы – деректерді жіберу уақытының қысқаруы. Бұған дейін Айдағы басқарылатын құрылғыларға командалар мен ақпарат жіберу ұзақ уақыт алатын. Ал 4G технологиясы бұл процесті едәуір жылдамдатып, басқаруды әлдеқайда тиімді етеді.
Бұл жүйе болашақта ғарышкерлерге Ай бетінде жүріп-ақ бейне және дыбыстық байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді ғарыштық миссиялар үшін сенімді байланыс жүйесінің негізін қалайды.