Home Аксессуарлар Сақ болыңыз! Wildberries маркетплейсіндегі алаяқтық

Сақ болыңыз! Wildberries маркетплейсіндегі алаяқтық

13

Қазіргі таңда қазақстандықтар интернет желісінен кеңінен саудада жасауда. Танымал маркетплейстердің саны да үнемі артып келеді. Осыған байланысты, жақында Ресейде Wildberries платформасына қатысты жаңа алаяқтық жүйесі анықталды. Бұл жаңалық қазақстандық қолданушылар үшін де маңызды болуы мүмкін.

Алаяқтар Wildberries сайтына ұқсас жалған веб-сайт жасап, пайдаланушылардың жеке мәліметтеріне қол жеткізген. Ресейдің ІІМ Киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасы хабарлағандай, алаяқтар «Wildberries» және «T2 Мобайл» компаниялары атынан жалған акция ұйымдастырған. Олар іс жүзінде бар науқанның сыртқы түрін өзгертіп, оны түпнұсқасына ұқсатып көрсеткен.

Қылмыскерлер пайдаланушыларды жалған жеке кабинетке кіріп, логин мен құпиясөздерін енгізуге шақырған. Нәтижесінде алаяқтар осы мәліметтер арқылы есептік жазбаларға қол жеткізіп, құпиясөздерін өзгертіп, бөтен адамдардың атымен тапсырыс жасаған немесе төлем деректерін ұрлаған.

Киберқауіпсіздік мамандары алаяқтардың құрбаны болмау үшін мынадай қарапайым ережелерді ұстануға кеңес береді:

– Сайтқа кірер алдында оның мекенжайын мұқият тексеріңіз.

– Күмәнді сілтемелерге, әсіресе SMS, әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы келген сілтемелерге өтпеңіз.

– Есептік жазбаңыздың қауіпсіздігін арттыру үшін екі факторлы аутентификацияны қосыңыз.

– Wildberries сайтындағы науқандарды тек ресми ақпарат көздерінен тексеріңіз. Бұл кеңестерді ұстану арқылы интернет алаяқтарынан өзіңізді қорғауға болады.