Home Технологиялар Ғаламтор және желі Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады

10

Теориялық және практикалық емтихандарға жазылу үшін енді тек «ХҚКО» қосымшасын пайдалану қажет. Бұл жаңашылдық азаматтар үшін ыңғайлы болуды көздеп енгізілді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымшаны пайдаланушылар екі факторлы аутентификациядан өтеді: алдымен биометриялық сәйкестендіру, кейін 1414 нөмірінен келген SMS-код арқылы жеке басын растау қажет. Үміткер емтиханға жазылу үшін «Теориялық емтиханға жазылу» немесе «Практикалық емтиханға жазылу» бөлімін таңдауы тиіс. Осыдан кейін қызмет алушыға тағы да SMS хабарлама келеді. Ол мобильді азаматтар базасында тіркелген белсенді телефон нөміріне жіберіледі.

«ХҚКО» қосымшасы арқылы емтиханға жазылу үшін алдымен халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіріп, өтініш беру қажет және өтініш нөмірін алу керек

.Қосымша пайдаланушыларды емтихан уақыттары мен кестесіндегі өзгерістер туралы хабардар етіп отырады. Бұл ақпараттың уақтылы әрі тиімді берілуін қамтамасыз етеді.

Емтиханға бұрын booking.gov4c.kz сайты арқылы жазылу мүмкіндігі болса, қазір бұл қызмет «ХҚКО» қосымшасы арқылы іске асырылады. Дегенмен, сайт әлі де жұмыс істеп, пайдаланушыларға емтихан процесін онлайн көруге мүмкіндік береді.