Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көптеген мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуді айтарлықтай жеңілдетіп, бизнесті жүргізуді ыңғайлы етеді.
ЭЦҚ арқылы күнделікті тапсырмаларды (анықтамалар алу, балабақшаға кезекке тұру туралы ақпарат алу) шешуден бастап, жеке кәсіпкер (ИП), жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) ашуға, келісімшарттар мен келісімдерге жылдам қол қоюға дейін көптеген істерді оңай атқаруға болады.
ЭЦҚ-ны Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе қашықтан алуға болады. ЭЦҚ-ның басты артықшылығы – барлық қызметтерді үйден шықпай, кез келген уақытта алуға болады.
Қазақстанда файлдық жүйе бойынша шығарылған ЭЦҚ бір жылға жарамды. Бірақ, егер ЭЦҚ кілттері қорғалған ақпарат тасымалдаушылар (жеке куәлік, eToken PRO 72K, JaCarta, Kaztoken, Akey) арқылы шығарылған болса, қолтаңба үш жыл бойы жарамды болады.
ЭЦҚ мерзімі аяқталған соң оны ұзарту мәселесі туындайды. Бұл жағдайды ұмыт қалдыру қиын. Әрбір қолданған сайын қолтаңбаның қолданылу мерзімі секундтарымен көрсетіледі. Сондай-ақ, ЭЦҚ мерзімі аяқталғанға бір ай, 15 күн және бір апта қалғанда, сізге ескерту хабарламасы немесе SMS-хабарлама келеді.
ЭЦҚ-ны қайта шығару қиын емес. Ұлттық куәландырушы орталықтың порталына кіріп, нысанды толтырып, «Кілттер тізімін жаңарту» мәзірін басыңыз. Содан кейін «Менің ЭЦҚ кілттерім» бөліміне өтіп, «ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» мәзіріне кіріп, сауалнаманы толтырып, «Өтініш беру» түймесін басыңыз – дайын!