Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қазақстандықтар жылжымайтын мүлік мәмілелерін онлайн рәсімдей алады

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлік мәмілелерін онлайн рәсімдей алады

11

Қазақстанда нотариус арқылы жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді онлайн рәсімдеуге арналған пилоттық жоба басталады. Бұл туралы LS агенттігі хабарлады.

Әділет министрлігінің жоспарына сәйкес, жоба алғаш рет Астана мен Алматы қалаларында сынақтан өтеді. Пилоттық жобаға қатысушыларға алдын ала хабарлама берілуі тиіс.

Онлайн мәміле бойынша ең жоғары сома 70 миллион теңгеге жетуі мүмкін.

Мәміле барысында алаяқтықтың алдын алу мақсатымен Біріңғай нотариалдық ақпараттық жүйе жылжымайтын мүлік объектісінің күйін Біріңғай мемлекеттік кадастр арқылы тексереді.

Бүл процесс бірнеше қадамнан тұрады: банк сілтемесі арқылы өту, сәйкестендіру, мүлік туралы ақпаратты енгізу, сома мен сатушының мәліметтерін көрсету, растау, төлем жасау және тағы басқа. Екінші тарап та онлайн рәсімдерден өтуі қажет.

Жоба туралы толық ақпаратты 2025 жылдың 23 қаңтарына дейін Ашық НҚА сайтынан алуға болады.