Home Білікті маман Қазақстанда төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған Tasqyn ақпараттық жүйесі әзірленуде

Қазақстанда төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған Tasqyn ақпараттық жүйесі әзірленуде

66

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі экология және табиғи ресурстар, төтенше жағдайлар, сондай-ақ су ресурстары және ирригация министрліктерімен бірлесіп Tasqyn ақпараттық жүйесін әзірлеуде. Бұл жүйе төтенше жағдайлардың алдын алып, стратегиялық шешімдер қабылдауға қажетті болжамдар жасауға мүмкіндік береді.

Бүгінде су тасқынын болжау және модельдеу әдістемесі әзірленіп, бекітілген. Бұл әдістемеге сәйкес, уәкілетті органдар жүйеге су қоймаларындағы су деңгейі, суды бұру көлемдері және гидрометеорологиялық болжамдар сияқты мәліметтерді енгізеді. Жиналған деректер негізінде жүйе су тасқынының ықтималдығын анықьайды.

Tasqyn жүйесі ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосылады.

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Әбдірайымовтың айтуынша, су шаруашылығы балансының ағымдағы және болжамдық көрсеткіштерін есепке алу маңызды. Бұл су ресурстарын тиімді бөлуге, су қоймалары мен су шаруашылығы жүйелерін пайдалануды талдап, олардың жұмыс тәртібін реттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, су шығынын болжау гидротехникалық нысандардан суды дер кезінде реттеп ағызу және қолайсыз гидрометеорологиялық жағдайларда қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту үшін шұғыл шаралар қабылдауда маңызды рөл атқарады.