Home Технологиялар Ғаламтор және желі Кейбір медициналық анықтамаларды қағаз түрінде беру тоқтатылады

Кейбір медициналық анықтамаларды қағаз түрінде беру тоқтатылады

32

Қазақстанда құжаттарды толығымен электронды нұсқаға көшіру жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. 18 қарашадан бастап денсаулық сақтау министрлігіне қарасты бірнеше ақпараттық жүйені біріктіру процесі басталады.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша, ең алдымен елімізде қағаз рецепттерден бас тартылып, 2025 жылдан бастап бірқатар медициналық анықтамалар тек электронды түрде беріле бастайды, деп хабарлайды digitalbusiness.kz.

2025 жылға дейін электронды нұсқаға көшіру жоспарланған құжаттар тізімі:

  • 075/у нысанындағы «Медициналық анықтама»
  • 026/у нысанындағы « ДКК қорытындысы»
  • 073/у нысанындағы «Жүргізуші куәлігіне рұқсат»
  • 069/у нысанындағы «Санаториялық-курорттық карта»
  • 052-2/у нысанындағы «Баланың денсаулық паспорты»
  • 076/у нысанындағы «Қару қолдануға рұқсат»
  • 038/у нысанындағы «Уақытша еңбекке жарамсыздық»

Қазақстандықтар жеке медициналық мәліметтермен eGov mobile қосымшасы арқылы таныса алады, бұл үшін «еDensaulyq» бөлімі қолжетімді.