Home Ойын-сауық PlayStation 5 Pro: Графикалық ақаулар мен қолданушылардың пікірлері

PlayStation 5 Pro: Графикалық ақаулар мен қолданушылардың пікірлері

9

Жақында Sony жаңа PlayStation 5 Pro ойын платформасын таныстырды. Бұл – PlayStation 5 құрылғысының жаңартылған нұсқасы, оның басты мақсаты – ойын тәжірибесін жаңа деңгейге көтеру. Дегенмен, жаңа құрылғы нарыққа шыққаннан кейін көптеген қолданушылар графикалық мәселелерге тап болды. Ойында байқалған жыпылықтау (мерцание) эффектілері ойыншылардың көңілін қалдырып, ойынға деген қызығушылығын төмендетті.

PlayStation 5 Pro 7 қарашада сатылымға шықты, ал бұған дейін оның мүмкіндіктері туралы көптеген оң пікірлер айтылған еді. Эксперттер мен аналитиктер жаңа құрылғының арқасында ойындардың сапасы айтарлықтай жақсарып, жоғары деңгейдегі графика мен техникалық мүмкіндіктерге ие болатынын болжаған еді. Алайда, кейде нәтиже біз күткендей бола бермейді.. Нәтижесінде, жаңа құрылғының алғашқы қолданушылары ойынның көрнекілігіне қатысты қиындықтарға тап болды.

Sony-дің жаңа PlayStation 5 Pro платформасы ойыншыларды көптеген қызықты әрі керемет графикамен таңқалдыруы тиіс еді. Алайда, “Silent Hill 2” атты ойынның жаңартылған нұсқасында жыпылықтау секілді ақаулар орын алып, ойынның дұрыс жұмыс істемеуіне әкеп соқты. Бұл мәселе ойынның тек көрнекі бөлігін ғана емес, оның техникалық тұстарын да қиындатты.

Ойыншылардың бірі Reddit желісінде былай деп жазды: «Мен бірден ойын сапасының төмендегенін байқадым. Ойынмен алдын ала таныс болмасам да, бұл ақаулар мені қатты алаңдатты. Әсіресе, экрандағы жыпылықтау эффектісінен ойнауға деген ынтам жоғалды». Бұл мәселе тек “Silent Hill 2” ойынына ғана қатысты емес. Сонымен қоса, Star Wars Jedi: Survivor, Alan Wake II және Call of Duty секілді атақты ойындар да аталмыш қиындықтарға тап болған.

PS5 Pro 7 қарашада сатылымға шықты.
Жалпы саны 50-ден астам ойын бұл жаңартуды қолдайды.