Home Технологиялар Ғаламтор және желі Алматыда жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды тапсыру тәртібі өзгерді

Алматыда жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды тапсыру тәртібі өзгерді

41

Алматыда жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан тапсыру тәртібі өзгереді. Енді қаладағы барлық арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтарында (арнХҚКО) екі факторлы аутентификация жүйесі енгізіледі. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді.

«Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан тапсыру тәртібін жаңартып, енді кандидаттар екі факторлы аутентификациядан өтуі қажет», — деп мәлімдеді корпорация өкілдері.

Екі факторлы аутентификация – бұл адамның жеке басын растаудың екі түрлі тәсілі. Ол:

1. SMS арқылы, 

2. Биометриялық сәйкестендіру арқылы жүзеге асады.

Тестілеу басталмас бұрын, үміткерге 1414 нөмірінен SMS хабарлама жіберіледі, онда жеке деректерге қол жеткізу үшін рұқсат сұралады. Хабарлама тек электронды үкімет порталына тіркелген телефон нөміріне жіберіледі. Тіркелу сәтті өткеннен кейін кандидат биометриялық сәйкестендіруден өтеді.

Жаңа жүйе 11 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласында іске қосылды. Ал еліміздің барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында екі факторлы аутентификацияны енгізу жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.