Home Ақша Электронды ақша Илон Масктің саясатқа белсенді қатысуының себептері

Илон Масктің саясатқа белсенді қатысуының себептері

28

Миллиардер сайлауға дейін күн сайын 1 миллион доллар таратады

Неміс-фин кәсіпкері және бұрынғы хакер Ким Дотком, егер Камала Харрис АҚШ президенті болып сайланса, X әлеуметтік желісі жабылады деп мәлімдеді. Ол Харристің жеңісі платформаның болашағына қауіп төндіретінін айтты.

Илон Маск та бұл сайлауға қатысты өз пікірін білдіріп, Камала Харристің жеңісі АҚШ-тағы медиа саласына қатаң цензура енгізуі мүмкін екенін айтқан. Соңғы уақытта Маск сайлау науқанына белсене араласып, Республикалық партия өкілі Дональд Трампты қолдап отыр. Жақында миллиардер Конституцияны қолдау петициясына қол қойғандар арасында күн сайын $1 млн көлемінде сыйақы ойнататынын хабарлады. Маск саясатпен айналысуды ұнатпайтынын, алайда бұл сайлаудың үлкен маңызы бар екенін атап өтті.

АҚШ-тағы президенттік сайлау 5 қарашада өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Ким Дотком 2016 жылы Apple компаниясының фильмдер мен сериалдар шығаруға кірісетінін алғаш болжағандардың бірі болды. Сонымен қатар, ол Павел Дуровтың тұтқындалуының нәтижесінде Франция 17 миллиард доллар шығынға ұшырағанын атап өткен.