Home Кибербезопасность Телефон алаяқтары жәбірленушінің өзі қылмыскерлерге қоңырау шалатын алдау әдісін ойлап тапты

Телефон алаяқтары жәбірленушінің өзі қылмыскерлерге қоңырау шалатын алдау әдісін ойлап тапты

34

Алаяқтар үшін шекара жоқ. Бір елде қолданылатын әдіс көрші мемлекеттерде де оңай іске асырылуы мүмкін. Сондықтан бұл ақпаратты ескеру маңызды. «Билайн» компаниясының алаяқтықты басқару операторы Петр Алферов Ресейде телефондық алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы айтып беді. Енді қылмыскерлер «Мемлекеттік қызметтер» сайтына кіруге әрекет жасалғаны туралы хабарламалар жіберіп, жәбірленушілердің өздері оларға қоңырау шалатын жағдай туғызады.

Алферовтың айтуынша, SMS-хабарламаның мазмұны стандартты — яғни, азаматтың «Мемлекеттік қызметтер» сайтына кіру әрекеті туралы ақпарат беріледі. Хабарламада жедел қоңырау шалатын телефон нөмірі көрсетіледі.

«Клиенттеріміз «Мемлекеттік қызметтер» парақшасына кіруге әрекет жасалғаны, құпиясөзін өзгерту қажеттілігі туралы SMS-хабарламалар ала бастағанын айтып шағымдануда. Нәтижесінде жәбірленуші SMS-тегі нөмірге өзі қоңырау шалады», — деді «Билайн» өкілі.

Алаяқтардың телефон нөмірлері расталған ақпараттан кейін бұғатталады.