Home Кибербезопасность Антикор жалған заңгерлердің барын ескертті

Антикор жалған заңгерлердің барын ескертті

7

Алаяқтар әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы Қазақстан азаматтарын алдау мақсатында заңгерлік жалған консультациялар туралы бейнематериалдар таратуда. Бұл материалдар жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып жасалған.

«Алаяқтар сенгіш адамдарды түсініксіз сілтемеге өтіп, заңгермен ақылы байланыс үшін жеке деректерін беруге көндіреді. Видеолар бейне үзінділерден тұрады және жалған дыбыстық сүйемелдеумен ұсынылады. Сыбайлас жеқорлыққа қарсы қызмет барлық заңгерлік консультациялардың «Халықтық заңгер» акциясы аясында тегін берілетінін ескертеді», — делінген хабарламада.

Республикалық «Халықтық заңгер» акциясы тек оффлайн форматта өтетіні атап көрсетілген.

«Жалған хабарламаларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді және ақша аудармауды сұраймыз. Мұндай қоңыраулар мен хабарламалар түссе, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауды өтінеміз», — деп мамандар өз пікірімен бөлісті.

Еске салсақ, бұған дейін Антикор алаяқтар жалған құжаттар, файлдар және Антикор логотипімен хабарламалар таратып жатқаны туралы ескерткен болатын.