Telegram жаңа телефон нөмірлерін растаудың Gateway әдісін енгізді. Мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров бұл жаңалықты өз Telegram-каналында жариялады.
«Telegram клиенттердің телефон нөмірлерін растаудың ең қолжетімді әдісін ұсынды — код үшін тек $0,01, әлемнің кез келген нүктесінде», — деді ол.
Дуров бұл әдісті “Telegram Gateway” деп атап, оның дәстүрлі SMS тексеру әдістерінен әлдеқайда арзан, жылдам және қауіпсіз екенін атап өтті. Енді компаниялар тексеру кодтарын мессенджер арқылы пайдаланушыларға тікелей жіберу арқылы ақша үнемдей алады.
Сонымен қатар, егер телефон нөмірі Telegram парақшасына байланысты болмаса, растау үшін ақы алынбайтынын айтты.
9 қазанда Дуров Telegram-да пайда болған 10 жаңа функция туралы хабарлады. Сыйлықтарға бес, хэштегтерге үш жаңарту енгізілді. Пайдаланушылар енді хабарламаны жібергеннен кейін мультимедиялық материалдарды қосу және хабарламаны түзету уақытын көру мүмкіндігіне ие болады.
6 қазанда Дуров Telegram-да профилінде бекітуге болатын сыйлықтар пайда болғанын айтты. Мессенджерде шектеулі мөлшердегі сыйлықтар бар, оларды биыл NFT-ге айналдыруға болады.
4 қазанда Telegram әзірлеушілері жаңа видеоплеер жасау үшін байқау жариялады. Мессенджер жақын арада YouTube-қа ұқсас видеохостингке ие болуды жоспарлап отыр.