Home Кибербезопасность Microsoft қызметкері алаяқтардың құрбаны бола жаздады

Microsoft қызметкері алаяқтардың құрбаны бола жаздады

18

Microsoft шешімдері жөнінде кеңесші, Сэм Митрович пайдаланушыларды жаңа алаяқтық жүйесі туралы ескерту мақсатында пост жариялады. Оның айтуынша, алаяқтар  gmail.com парақшасына қол жеткізу үшін жасанды интеллектті қолданған.

Алаяқтық жүйе туралы не белгілі:

1. Пайдаланушының Gmail парақшасына қолжетімділікті қалпына келтіру туралы SMS келеді.

2. Митрович хабарламаға жауап бермеді.

3. Google Sydney нөмірінен қоңыраулар келе бастады (нөмірі сәйкес келді).

4. Алаяқтар өздерін компания қызметкерлері ретінде таныстырып, парақшаның бұзылғанын дәлелдеуге тырысты.

5. Митрович жасанды интеллектімен сөйлесіп отырғанын түсінді: сөйлеу кезінде кідірістер мен сөйлем құрылымдарының өте дәл болуы арқылы түсінді.

6. Microsoft қызметкері бұзылу туралы растаманы жеке поштаға жіберуді сұрады.

7. Пошта ресми Gmail серверінен келді. IT дағдылары оған көмектесті: Митрович алаяқтың жалған адрес жасау үшін Salesforce CRM пайдаланатынын байқап қалды.

8. Алаяқ ашылды. Митрович деректерінің қауіпсіздігін тексеріп, парақшасында пост  жазуға шешім қабылдады.

Бұл детективтік оқиға желідегі осалдықтарымызды көрсетеді: тіпті ірі IT компаниясының қызметкері алаяқтардың құрбаны бола жаздады. Екі кезеңі бар тіркеу түрінен бас тартпау керек.