Home Uncategorized @kk-kz Алғашқы отандық электромотоцикл әзірленді

Алғашқы отандық электромотоцикл әзірленді

63

Жетысу университетінің жас ғалымдары –  Куаныш Жакпаев, Жалгас Ахметов және Анет Ибраимов смарт электромотоцикл әзірледі. Олар электрлік мотоциклді «Harley-Davidson» моделінің негізінде жасаған. Смарт электромотоцикл мүгедектігі бар адамдарға да жеңіл басқаруға арналған. Бұл көлік экологиялық таза әрі жүк тасымалдауға өте ыңғайлы.

Алғашқы отандық электромотоцикл әзірленді

Жобаны толық жүзеге асыру үшін ғалымдар «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына қатысып, грант жеңіп алды. Қазіргі уақытта университет ғалымдары электр қуатымен жұмыс істейтін экономикалық және ыңғайлы жол-көлік құралдарын өндіретін цех ашуда.Сонымен, отандық өндірісті дамытуға үлес қосуда. Болашақта олар электромотоциклды нарыққа шығарып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды жоспарлап отыр.

Алғашқы отандық электромотоцикл әзірленді

Жетысу университетінің ғалымдары алдағы халықаралық электр транспорт көрмелеріне дайындық үстінде.