Бұл туралы облыс әкімі Ермек Кошербаев мәслихат сессиясында айтты, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
— Біздің облыста 202 елді мекен мобильді интернетпен қамтамасыз етілген, — деді өңір басшысы. — Республикалық маңызы бар жолдар бойында 27 антенна-машиналық құрылыс салу жұмыстары басталды.
Сондай-ақ, әкімдіктің ақпаратына сәйкес, Алтай ауданындағы Андреевка ауылында және Үлкен Нарын ауданындағы Приморское ауылында 50 метр радиуста жұмыс істейтін «KazSat» спутнигіне қосылған қоғамдық Wi-Fi нүктелері орнатылды.