Home Ойын-сауық Ойындар Flappy Bird: Мобильді ойынның қайта жаңғыруы

Flappy Bird: Мобильді ойынның қайта жаңғыруы

63

Танымал пиксельді ойын қайта оралады. Flappy Bird — мобильді ойын,ойыншы ұшып жүрген құсты басқарып, мүмкіндігінше алысқа ұмтылуы керек. Ойыншы үстіндегі және астындағы құбырларға соғылмай өтуі қажет. 10 жыл бұрын бұл ойын туралы бәрі білетін, ол әлемнің әр бұрышындағы пайдаланушылар арасында кеңінен танымал болды..

2013 жылы алғаш рет шыққан қарапайым, бірақ қызықты мобильді ойын бір сәтте керемет танымалдыққа ие болды.100 миллион жүктелім жинап, үлкен жарнама табысына қол жеткізді. Дегенмен, кенеттен автор Дон Нгуен ойынды жабу жайлы шешім қабылдап,пайдаланушыларды қатты қапалатқан жаңалықпен бөлісті. Flappy Bird он жылдық үзілістен кейін 2025 жылы барлық iOS және Android құрылғылары үшін қайта оралуы күтілуде.

Flappy Bird Foundation Group компаниясы “Flappy Bird” ойынның сауда маркасы мен құқықтарын сатып алды. Осыған байланысты ұжым танымал ойынның қайта оралатынын хабарлады. Жаңа форматта жаңа кейіпкерлер қосылып, ойын түрі өзгермек . Flappy Bird Foundation жобаның негізін қайта қарастырып, көпшілікке таныс ойын дизайнын сақтауға тырысты. Сондай-ақ, әзірлеушілер Flappy Bird ойынның жаңа
элементтерімен қоса, толыққанды экожүйесінің болатынын атап өтті. Бұдан басқа, 2024 жылдың соңына дейін браузерлік нұсқасы шығарылады.