Home Көлік Cybertruck-пен Арктикаға: Электр қуатымен жасалған таңғажайып сапар

Cybertruck-пен Арктикаға: Электр қуатымен жасалған таңғажайып сапар

62

Үш қызыққұмар адамнан құралған топ екі Cybertruck көлігімен Поляр шеңберіне сапар шекті. Олар дизель-генераторлар мен отын алып барған жоқ. Тек көлік қуатын жергілікті энергия көздерімен қуаттаған.

Сапардың мақсаты – электр көліктерінің суық ауа-райындағы жұмысын бағалау. Олар болашақта Демпстер жолын электр қуатымен жабдықтағысы келеді. Аталмыш жолды барлық маусымда пайдалануға болады және жол бойында энергия өндіретін жерлер бар.

” Tesla” жұмыс тобы қуаттау құрылғыларын алып, оларды стратегиялық орындарға орнатты. Сапардың картасы ашық түрде жарияланады.Сол уақытта кез келген адам өз электромобилімен Арктикаға жете алады.

Флоридадан мұхитқа дейінгі жалпы қашықтық шамамен 9 мың шақырым болды. Қуаттау құрылғылары солтүстікте қалды және жергілікті автосалондар мен шеберханаларда жаңа пайдаланушыларды күтуде.