Бұрынғы цифрлық даму министрі Бағдат Мусин өткен жылы Қазақстанға спутник интернетін Starlink арқылы жеткізу туралы уәде берген еді. Ол уәдесін орындап, SpaceX-тің «ғарыштық» трафигімен 1800 мектепті қамтамасыз етті. Алайда, Starlink жабдығын сатып алып, орнату әлі мүмкін емес. Толығырақ төменде:
Starlink мектептерде қалай қосылады?
Ауыл мектептеріне спутниктік интернет қосу тәжірибесі сәтті өтті деп айтуға болады. 1800 мектептің мұғалімдері мен оқушылары заманауи білім беру ресурстарына қол жеткізіп, олардың мүмкіндіктері едәуір артты. Интернетке қ,осылу сапасы жоғары, мысалы, Ақмола облысы Аршалы ауданы Булаксай ауылындағы №1 мектепте интернет жылдамдығы 200 Мбит/с-қа дейін жететіні айтылған.
Сонымен қатар, спутниктік интернет табиғи апаттар мен басқа да факторлардан жердегі инфрақұрылым бұзылған кезде тиімді жұмыс істейді. Сондықтан, су тасқыны кезінде 30 Starlink терминалы мектептерге орнатылды, бұл балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік берді.
Неліктен Starlink бәріне қолжетімді емес?
Пилоттық жобаның сәтті аяқталуына қарамастан, Starlink Қазақстанда әлі де кеңінен қолданысқа енбеген. Бұл мәселенің бірнеше себебі бар:
- Құқықтық реттеу. Қазақстанның заңнамасы спутниктік интернеттің ерекшеліктеріне толық бейімделмеген. Бірақ, Starlink жобасын заңдастыру процесі басталды: қаңтар айында Мәжіліс депутаттары «Қазақтелеком» және цифрландыру мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда қарады.
- Қауіпсіздік мәселелері. «Біздің заңнама талаптарына сәйкес, маңызды байланыс инфрақұрылымы, әсіресе халықтық қызметтер үшін қолданылатын болса, Қазақстан аумағында орналасуы керек», — деп мәлімдеді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.
Цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевтің айтуынша, Starlink компаниясы 2026 жылға дейін Қазақстанда жердегі басқару станциясын салмаса, елде ресми түрде жұмыс істей алмайды.
Starlink қанша тұрады?
Starlink жабдығы мен абоненттік төлемнің бағасы көптеген қазақстандықтар үшін қымбат болуы мүмкін деген қауіп бар. Қазіргі уақытта нақты сомалар белгісіз. Әр түрлі елдерде бағалар әртүрлі. Мысалы, starlinkinsider.com сайтына сенсек, Моңғолияда Starlink интернетінің ай сайынғы ақысы 185 000 моңғол тугригі (шамамен 27 000 теңге) көлемінде. Жабдық пен жеткізу құны 1 675 000 моңғол тугригі (шамамен 243 000 теңге) болады.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс комитетінің бұрынғы төрағасы Ержан Мейрамов маусым айында Starlink терминалдары мен абоненттік төлемнің бағасын жариялаған болатын. Әр мектеп үшін жабдық құны 2,5 мың долларды (шамамен 1,1 млн теңге) құраған. Ай сайынғы төлем – 145 000 теңге.
Ал көрші елдерде жағдай қандай?
Starlink қызметін орнату Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан елдерінде 2025 жылы басталады. Ал жақын басқа елдерде тек Моңғолияда қолжетімді, ол жерде бұл интернет наурыз айында іске қосылды. Ресей мен Қытайға Starlink қызметі қолжетімсіз, бұл туралы картадағы мәліметтер көрсетеді.
Қазақстандықтарға не істеу керек?
Қазір көпшіліктің спутниктік интернетке қол жеткізуі үшін уақыт қажет. Сарапшылар спутниктік интернеттің бірнеше жыл ішінде барлық тілек білдірушілер үшін қолжетімді болуы мүмкін екенін айтады. Бірақ Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева атап өткендей, бұл міндетті түрде Starlink болмауы мүмкін:
OneWeb компаниясы қазірдің өзінде Қазақстанның заңнамасына сәйкес талаптарды орындап, елімізде байланыс орталығын ашты. Сонымен қатар, Қытай спутниктік операторлары да қызығушылық танытуда.
Өткен жылы Starlink компаниясының Қазақстан бойынша сайты «2024 жылы бастау» деген статус көрсеткен еді, бірақ кейінірек бұл белгі 2025 жылға өзгертілді. Әзірге Қазақстандаспутниктік интернеттің қолжетімді болатыны туралы нақты мәлімет жоқ.
Мақала авторы: Гульнара Дорошкевич