Home Профессионал Қазақстанда халықты ЖИ-ді күнделікті өмірде қолдануға үйретуді жоспарлауда

Қазақстанда халықты ЖИ-ді күнделікті өмірде қолдануға үйретуді жоспарлауда

18

Blockchain & AI Technology Center (BAITC) ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен 30 қыркүйектен 27 қазанға дейін тегін жасанды интеллект (ЖИ) бойынша білім беру курсын бастайды. Бұл курс дайындық деңгейіне қарамастан барлығына арналған және қатысушыларға ЖИ негіздерін меңгеруге, сондай-ақ қаржы, денсаулық сақтау, маркетинг және көлік сияқты түрлі салаларда нақты мәселелерді шешу, жұмыс үрдісін жақсарту және тиімділікті арттыру жолдарын түсінуге көмектеседі.

“AI People” — тегін 4 апталық курс, дайындық деңгейіне қарамастан барлық тілек білдірушілерге арналған. Бұл курс жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін күнделікті және кәсіби өмірді жақсарту үшін қалай пайдалану керектігін үйретеді. Бағдарлама 20-дан астам ЖИ құралдарын пайдалану, 40+ сұрау үлгісін жазу және шығармашылық жұмысқа арналған әдістерді қамтиды.Сондай-ақ, үрдістерді автоматтандыру және қаржы тиімділігін арттыру жолдарын үйретеді. Курстың соңында қатысушылар өз дағдыларын Demo Day-да көрсету мүмкіндігіне ие болады. Курс халықты ЖИ бойынша кеңінен оқытуды мақсат етеді.Күнделікті өмірде технологияларды қолдануға баса назар аударады. Әр апта сайын белсенді қатысушыларға ChatGPT Plus жазылымдары ұтысқа түседі.

“Генеративті ұлт — бұл Қазақстанның ЖИ мен инновациялық экожүйені дамытуға бағытталған ұлттық қозғалысы. Бұл тек инженерлерді даярлаумен шектелмейді. Қозғалыстың маңызды бөлігі қоғамдық білім беру болып табылады. Осы мақсатта біз AI People жобасын іске қосып жатырмыз — бұл әркімнің күнделікті өмірде, оқуда және жұмыста ЖИ қолдануды үйренуіне мүмкіндік беретін қолжетімді курстар”, — деп атап өтті Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев.

«Жасанды интеллект өміріміз бен жұмысымыздың көптеген аспектілерін өзгерту үшін үлкен мүмкіндіктерге ие. Біздің курс қатысушыларға ЖИ-ті әртүрлі салаларда тиімді қолдану үшін қажетті тәжірибелік дағдылар мен білім береді», — деп түсіндірді Blockchain & AI Technology Center (BAITC) бизнес даму жөніндегі директоры Алтынай Өмірзақ.

Курс пайдалы болады:

– Студенттерге, практикалық дағдыларды меңгеруге және болашақ мансапқа дайындалуға;

– Мамандық іздеушілерге, бәсекелестігі төмен әрі табысы жоғары нишаларды табуға;

– Маркетологтарға, шығармашылық шектеулерді жеңу үшін жаңа әдістерді үйренуге;

– Кәсіпкерлерге, үрдістерді автоматтандыруға және жұмыстарды тиімді басқаруға;

– Шығармашылық мамандарға, рутиналық жұмыстан шаршап, жаңа тәсілдерді іздеуге;

– Фрилансерлер мен IT-мамандырға, кәсіби жұмыс үшін жеке уақыттарын үнемдеуге.