Home Кәсіби маман Балқашта қаласында қауіпсіздікке ерекше мән беріліп жатыр

Балқашта қаласында қауіпсіздікке ерекше мән беріліп жатыр

18

Балқаш қаласында жаңа автобус аялдамаларына бейнебақылау камералары орнатылуда. Бұл шара қаладағы қауіпсіздік жүйесін дамыту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады және құқықбұзушылықты азайту мен вандализмді болдырмауға бағытталған.

Биыл қалада 34 жаңа аялдама павильоны пайдалануға берілді, олардың бірі жылы павильон ретінде автостанция аумағында орналасқан.

Аялдамалардың шыны қабырғасында қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті тұлғалары Мұхтар Әуезов, Міржақып Дулатұлы мен Әлішер Науаи бейнеленген портреттер мен олардың айтқан нақыл сөздері орналастырылған. Сондай-ақ, заманауи LED-экрандар орнатылып, ақпарат беру мен көрнекілікті арттырады.

«Барлық жаңа павильондар бейнебақылау жүйелерімен жабдықталады
Қазіргі таңда қалада 532 камера орнатылған: 138 бұрылмалы және 394 стационарлық құрылғы», — дейді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Берік Бекмағамбетов.

Биыл 34 ескі камера жаңартылып, қосымша тоғыз заманауи ID-камера орнатылды, ал тағы үш камера қараша айына дейін қосылмақ. Камералар көшелердегі жағдайды бақылауға, қалалық мүлікті қорғауға мүмкіндік береді.