Home Технологиялар Ғаламтор және желі Ақарал ауылы алғаш рет Beeline мобильді желісіне қосылды

Ақарал ауылы алғаш рет Beeline мобильді желісіне қосылды

12

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданына қарасты Ақарал ауылында Beeline (ТОО «Кар-Тел») ұялы байланыс операторының базалық станциясы іске қосылды. Бұл – ел Президентінің тапсырмасына сәйкес шалғай елді мекендерді сапалы мобильді интернетпен қамтуға бағытталған кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқан бағдарламаның бір бөлігі.

Жаңа байланыс нысаны облыс әкімдігі мен телекоммуникация компаниясының бірлескен жұмысының нәтижесінде орнатылды. Осылайша, Ақарал тұрғындары алғаш рет тұрақты ұялы байланысқа және жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізіп отыр.

«Біз бұл ауылда өмір бойы тұрамыз. Бұрын ұялы байланыс дегенді тек армандайтынбыз. Қолданғанымыз – жұмыс істемейтін стационарлық телефондар ғана болатын. Қазір бәрі өзгерді: еркін сөйлесеміз, хат алмасамыз, жаңалықтарды оқимыз, жақындарымызбен үнемі байланыста бола алатын болдық, – дейді ауыл тұрғындары.

Ақарал жұртшылығы үшін бұл тек тұрмыстық жайлылықтың артуы емес, мүмкіндіктер көкжиегінің кеңеюі. Енді интернет ұстаздар мен дәрігерлерге, кәсіпкерлер мен жастарға қолжетімді. Білім мен цифрлық ресурстар бұрынғыдан әлдеқайда жақын.

Жергілікті билік өкілдері жаңа базалық станция шалғай ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты жою жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.