Home Технологиялар Ғаламтор және желі Starlink 5 миллион қолданушыға жетті, бірақ өсім қарқыны бәсеңдеді

Starlink 5 миллион қолданушыға жетті, бірақ өсім қарқыны бәсеңдеді

23

SpaceX компаниясы Starlink спутниктік интернетін 125 елде 5 миллионнан астам қолданушы тұтынатынын мәлімдеді.

— “Starlink әлем бойынша 5 миллион адамды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтыды. Бізді таңдағандарыңызға алғыс білдіреміз!” – делінген компанияның X әлеуметтік желісіндегі ресми хабарламасында.

Алайда, қызметтің пайдаланушылар санын арттыру қарқыны баяулаған. Егер 3 миллионнан 4 миллионға дейінгі өсім 4 ай ішінде тіркелсе, соңғы миллион қолданушыны қосу үшін 5 ай қажет болды.

Starlink жобасы алғаш рет 2019 жылы 60 спутниктің ұшырылуымен басталған. Ал 2025 жылдың басына қарай компания 8000-нан астам спутник жіберді, олардың 7000-нан астамы белсенді жұмыс істеп тұр.

SpaceX-тің алдағы жоспары ауқымды. Компания алғашқы кезеңде 12 000 спутникті орбитаға шығаруды аяқтап, екінші буында (Gen2) бұл санды 30 000-ға дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл шаралар ғаламдық интернетті одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.