Home Uncategorized @kk-kz Glorious тарихтағы ең үлкен пернетақта топтамасын таныстырды

Glorious тарихтағы ең үлкен пернетақта топтамасын таныстырды

12

Glorious GMMK 3 — 1 миллиард пернетақтаға теңдескен күші бар — қарапайым тікбұрышты пернетақталар енді артта қалды. Геймерлердің мүмкіндіктерін арттыру үшін жасалған GMMK 3 пайдаланушыларға пернетақтаның сыртқы бейнесінен бастап, әсем сезімдер мен өнімділікке дейін ерекше бақылау деңгейін ұсынады.

Glorious Gaming, компьютерлік ойын құрылғыларын өндіруде әлемдік көшбасшы.Бүгінгі таңда бір уақытта шығарылған ең үздік пернетақта топтамасын — миллиардтан астам түрлі құрылымы бар GMMK 3-ті таныстырады.

Glorious қйымыы геймерлерді өз оқиғаларының басты кейіпкерлері деп санайды.Сондықтан олар қосалқы құрылғыларына үлкен бақылау жасауға тиіс. Пайдаланушыларға не болуы керектігін алдын ала белгілеудің орнына, GMMK 3 әрбір элементті ойын талаптарына және басқа қолдану жағдайларына сәйкес етіп әдемілігінен бастап, теру кезіндегі сезімдерге және өнімділікке дейін баптауға мүмкіндік береді.

Жеті түрлі баптауды ұсына отырып, GMMK 3 ойыншыларға пернетақтаның сыртқы келбетіне толық бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ауыстырмалы жоғарғы және төменгі панельдер, айналдыру дөңгелегі, бейдж, USB-кабель, пернетақта батырмалары және қосқыш тақтайшасы өздігінен оңай өзгертіліп, бапталуы мүмкін.Бұл пайдаланушыларға мінсіз пернетақталарын құрып, өзін шынайы көрсетуге мүмкіндік береді.

Glorious пернетақталарында алғаш рет Холл технологиясы маңызды бөлігі атанып, ең жоғары өнімділікті қажет ететін ойынқұмарларға қолдау көрсетеді. Холл әсері бар магнитті қосқыштармен жабдықталған GMMK 3 НЕ пернетақталары жылдам іске қосылу мүмкіндігін және 4:1 қатынастағы динамикалық перне батырмаларымен қамтамасыз етеді. Барлық GMMK 3 HE пернетақталары 3 және 5 пинді механикалық қосқыштармен толық үйлесім табады. GMMK 3-пен бірге іске қосылатын толық HE қосқыштар жинағы біздегі аңызға айналған Panda сезімтал, Fox сызықты және Raptor шулы қосқыштарды HE нұсқаларында алғаш рет ұсынды. GMMK 3 ойыншыларды тек магниттік қосқыштармен шектеліп қалмай, пенретақталар әлемінің барлық мүмкіндіктерін сынауға мүмкіндік береді.