Home Профессионал Алматы қаласына FaceID жүйелерінің бірін енгізбек

Алматы қаласына FaceID жүйелерінің бірін енгізбек

14

Биыл мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырысты жүзеге асыру үшін шамамен 16,5 млрд теңге бөлінгені белгілі. 72,6 мың бала үйірмелер мен секцияларда айналысуда. Оларда 1 мың жеткізуші қызмет көрсетеді.

Көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеру мақсатында арнайы бақылау тобы құрылды.Оған қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, аудан әкімдіктерінің өкілдері және белсенді тұрғындар кірді. Мониторинг қаланың барлық аудандарында жұмыс істейтін 52 қызмет көрсетуші топты қамтыды.

Нәтижесінде, нақты мекенжай мен қатысушы балалардың сәйкес келмеуі,қосымша төлемдерді алу, антисанитария және өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы секілді заң бұзушылық әрекеттері анықталды.

Өз қызметін адал орындамайтын кәсіпкерлерге қатысты материалдар құқық қорғау органдары мен прокуратураға жіберілді.

Мониторинг қорытындысы бойынша, заңға қарсы әрекеттерді болдырмау мақсатында бірқатар шешімдер қабылданды. Үйірмеге балалардың қатысуын бақылауды күшейту үшін FaceID жүйесі қолданылады. Бұл жүйе қызметтер тек нақты көрсетілген жағдайда ғана төлем алуға мүмкіндік береді.Өйткені,сабақ басталмас бұрын өзінің келгенінрастайды. DamuBala қосымшасында күн, уақыт және геолокация тіркеледі. Жыл соңына дейін жүйені енгізу және пайдалану бойынша шығындар қала бюджетінің есебінен жабылады.